Ауғанстан мен Тәжікстан шекарасында жағдай ушықты

0
735

​Тәжікстан мен Ауғанстан шекараларының маңына әскерін шоғырландыра бастады. Оған қос мемлекет арасындағы қарым-қатынастың ушығуы себеп.


Ауғанстан мен Тәжікстан шекарасында жағдай ушықты

ERNUR.KZ. Мәселеге президент Эмомали Рахмоновтың «Талибан» билігін сынға алып, оны танудан бас тартуға шақыруы түрткі болған, деп жазады 24.kz.

Тәжікстан басшысы тәліптер Ауғанстанда этникалық тәжіктер тұратын Панджшер провинциясындағы наразылық шеруін күштеп басты деп айыптап отыр.

Тәліптер болса Душанбе елдің ішкі істеріне аралысып жатыр дегенді айтады. Ресей екі ел арасындағы жағдайдың ушығуына алаңдаушылық білдіріп, қос тарапты мәселені бейбіт шешуге шақырды.

Айта кетейік, Ауғанстан халқының төрттен бір бөлігі – этникалық тәжіктер. Ал Талибан қозғалысының басым бөлігі осы елдегі ең ірі этникалық топ – пуштундардан құралған.