Әзербайжанда мигранттарды ұстаудың жаңа ережелері енгізіледі

0
216

Жаңа ереже шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарды, заңсыз мигранттарды ұстау орталықтарынан босату рәсіміне қатысты.0


Әзербайжанда мигранттарды ұстаудың жаңа ережелері енгізіледі

Коллаж emze.az

ERNUR.KZ. Әзербайжанда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, заңсыз мигранттарды ұстау орталықтарына қатысты жаңа ережелер белгіленеді, деп жазады inform.kz.

Жаңа ереже шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарды, заңсыз мигранттарды ұстау орталықтарынан босату рәсіміне қатысты. Болу мерзімдерін нақты есептеуге ерекше назар аударылады - санақ енді орналастыру туралы ресми шешім қабылданған сәттен бастап жүргізілетін болады.

Жаңартылған талаптарға сәйкес орталық атқарушы органдарға мигранттарды ұстау мерзімінің аяқталғаны туралы алдын ала — бір жұмыс күні бұрын хабарлауға міндетті.

Олардың одан әрі тағдыры — мерзімін ұзарту немесе босату туралы шешімді сот қаулысын талап ететін жағдайларды қоспағанда, атқарушы орган қабылдайды.

Әзербайжан Республикасы Милли мәжілісінің (парламентінің) Құқықтық саясат және мемлекеттік құрылыс комитетінің отырысында Көші-қон кодексіне түзетулер қаралды. Талқылаудан кейін заң жобасы дауысқа салынып, бірінші оқылымда қабылданды.

Парламент комитеті сондай-ақ Көші-қон кодексіне арнайы орталықтарға орналастырылған заңсыз мигранттардың хаттары мен жеделхаттарын жіберу тәртібін реттейтін түзетулерді де қарады.

Өзгерістерге сәйкес, заңсыз мигранттар мемлекет есебінен айына екі рет хат немесе жеделхат жібере алады. Ал, өз қаражаты есебінен жіберілетін корреспонденциялар саны шектелмейді. Барлық шығыс хаттар белгіленген ережелерге сәйкес цензурадан өтеді.

Сонымен қатар, шетелдіктің жақын туыстарына немесе басқа адамдарға хабарлау үшін бір рет телефон соғуға құқығы болады. Енді аптасына төрт рет 25 минутқа дейін қоңырау шалуға рұқсат етіледі.

Денсаулығына байланысты проблемалар туындаса, шетелдікке мемлекет есебінен қажетті медициналық көмек көрсетіледі.

Әзербайжан Республикасы арнайы орталықта қайтыс болған заңсыз мигранттарды жерлеу шығындарын көтереді.

Әзербайжанның Мемлекеттік көші-қон қызметінің мәліметінше, 2022 жылы елде 20 мыңнан астам заңсыз мигрант анықталған. Олардың көпшілігі Орталық Азия мен Таяу Шығыс елдерінің азаматтары. Оларды уақытша орналастыру үшін Әзербайжанда екі мамандандырылған орталық жұмыс істейді.

Бұған дейін Ресейде Мемлекеттік Дума заңсыз көші-қонды ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жазаны қатайту туралы заң жобасын қабылдаған болатын.