Осыдан тура бір жыл бұрын Қарағандыда полиция пунктінен әйел адамның мәйіті табылғанын жазған едік.
Фото: qazaqtimes.com
ERNUR.KZ. Бүгін 23 жастағы қыздың қаза болуына байланысты бұрынғы полиция майорының соты басталды, деп жазады inbusiness.kz.
Экс-полицей "қызметтік міндетін тиісінше орындамады" деп айыпталып отыр.
Жаза кетейік, 2025 жылдың қыркүйегінде учаскелік полиция инспекторының кабинетінде 23 жастағы қыздың денесі табылған. Ал көрші кабинетте 36 жастағы полиция майоры ес-түссіз жатқан.
Сот отырысы бірден БАҚ өкілдері үшін жабылды. Адвокаттың сөзінше, іс материалдарында интимдік сипаттағы мәліметтер мен жеке хат-хабарлар бар. Сол үшін сот жабық режимде қаралуда.
Бұған дейін қайтыс болған қыздың анасы мен тәтесі БАҚ өкілдерінің сотқа қатысуын сұраған еді. Марқұмның туған-туыстары бұрынғы полицей өзінің қызметтік жағдайын пайдалануы мүмкін екенін жоққа шығармайды.


