Қырғызстанда 4,9 балдық жер сілкінісі болды

0
124

Магнитудасы mb = 4,9. Энергетикалық класы K = 11,2.


Қырғызстанда 4,9 балдық жер сілкінісі болды

Фото: Анадолы

ERNUR.KZ. Сейсмологтар бүгін Қырғызстанда жерасты дүмпуін тіркеді, деп жазады inform.kz.

ҚР Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институты Қазақстан деректер орталығының жедел деректеріне сәйкес, жер сілкінісі бүгін, 1 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 13:17-де (Гринвич уақытымен сағат 8:17) Қырғызстанда тіркелген.

Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендік бойынша 41,51 градус, шығыс бойлық бойынша 73,14 градус.

Магнитудасы mb = 4,9. Энергетикалық класы K = 11,2.