БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Ресей Сирия жөніндегі резолюцияның АҚШ ұсынған жобасына вето жариялады. Құжат 7 сәуір күні Сирияның Дума қаласында химиялық қару қолдануға қатысты тексеру жүргізуге қатысты болатын.
Еуропа елдерінің басшылары резолюцияның американдық нұқсасына деген Ресейдің көзқарасынан көңілдері қалды. Ал, Мәскеу ұсынған резолюция қажетті қолдау таппады,-, деп жазады Deutsche Welle басылымы.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Ресей Сирия жөніндегі резолюцияның АҚШ ұсынған жобасына вето жариялады. Құжат 7 сәуір күні Сирияның Дума қаласында химиялық қару қолдануға қатысты тексеру жүргізуге қатысты болатын. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше 12 ел резолюцияны қолдап дауыс берді. Ресей мен Боливия қарсы болса, Қытай қалыс қалды. Құжат қабылдануы үшін Қауіпсіздік кеңесі мүшелерінің қолдауы жеткіліксіз. Оған қоса, тұрақты мүшелер-Ресей, Қытай, Ұлыбритания және АҚШ тарапынан вето болмауы керек.
Ресейдің құжатты қабылдауға салған тыйымы Сириядағы бітімге келуді көздейтін БҰҰ ҚК резолюциясын бұзды, деп санайды Франция президенті Эмманюэль Макрон. Алдағы күндері Франция Ұлыбритания және АҚШ-пен бірлесіп Сирияда химиялық қарудың қолданылуына орай қандай шара көретінін шешетін болады, деп атап өтті француз басшысы. Өз кезегінде, Ұлыбритания СІМ басшысы Борис Джонсон Ресейдің әрекетін Twitter-де "қатты қапа қылатын" деп бағалады.