Оларға 137 мың теңгеден бастап 173 мың теңге аралығында айыппұл салынады.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Енді көріпкелдер мен бақсы-балгерлер, оккульттік қызметтердің өзге де түрлерімен айналысатындарға ірі айыппұл салынады. Бұл туралы Тәжікстан президентінің баспасөз қызметі жазды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
ІІМ қызметкерлері елде тексеру жүргізіп, 1,5 мыңға жуық балгерді ұстаған. Сонымен қоса, мамыр айынан бастап 5 мыңға жуық «білімсіз молда» да қолға түскен.
Ұсталғандардың барлығы арнайы есепке алынған. Аталған қызметпен айналысқан адамдарға $270 - $340 аралығында айыппұл салынбақ, егер қайталап заң бұзса, бұл сома $680-ға дейін өседі. Елдегі орташа жалақының $70 екенін ескерсек, айыппұлдың мөлшері айтарлықтай көп.
Елде сиқыр мен сәуегейлікпен айналысып жүргендерді алты айға дейін міндетті жұмысқа жегу мәселесі қарастырылып жатыр.