Балиде алып ағаш құлап, туристерді басып қалды (видео)

0
220

Кадрлардан туристердің құлап келе жатқан ағаштан қашып жатқанын көруге болады.


Балиде алып ағаш құлап, туристерді басып қалды (видео)

сурет: pixabay

ERNUR.KZ. 10 желтоқсанда Убуд қаласының қорығында алып ағаш құлап, екі әйелді жан тәсілім етті, деп жазады zakon.kz.

Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кадрлардан туристердің құлап келе жатқан ағаштан қашып жатқанын көруге болады. Биліктің мәліметінше, алып ағаш қатты соққан желдің екпіні мен нөсер жаңбырдан құлады.

Daily Mail дерегінше, қаза тапқандар франциялық 32 жастағы турист пен Оңтүстік Кореяның 42 жастағы тұрғыны болып шықты. Тағы бірнеше адам жарақат алды, дегенмен зардап шеккендердің нақты саны белгісіз.

Туристер қорық аумағынан эвакуацияланды, енді ол жер кемі 12 желтоқсанға дейін жабық болады. Monkey Forest бас менеджері Вайан Лилир құлаған ағаштың сау екенін айтты. Оның айтуынша, мекемеде үнемі өсімдіктерге мониторинг жүргізіледі.