Балықшылар 150 дельфинді жауыздықпен өлтіріп, бухтаны қанжоса қылды

0
1 024

Жыл басынан бері Фарер аралдарында 500-ден астам дельфин өлтірілген.


Балықшылар 150 дельфинді жауыздықпен өлтіріп, бухтаны қанжоса қылды

ERNUR.KZ. Жыл сайын Фарер аралдарында дельфиндерге қанды шабуыл жасалады. Биыл да салт-дәстүрді алға тартқан жергілікті тұрғындар қорғансыз жануарларды қырып, айналаны қанжоса қылған, деп жазады ktk.kz.

Жергілікті тұрғындар су жануарының осы түрін тағам ретінде пайдаланатынын айтып ақталады.

Осы жолы арал тұрғындары гринд деп аталатын 150-ден астам қара дельфин мен осы балықтың басы кішкентай түрін қырып салды. Балықшылар қайықтың көмегімен дельфиндерді жағаға қуып, арнайы құрылғымен шаншып өлтіреді. Өлген балықтарды союға әйелдері мен балалары көмектеседі. Жыл басынан бері Фарер аралдарында 500-ден астам дельфин өлтірілген. Жергілікті тұрғындар балықтың осы түрін тағам ретінде пайдаланатынын айтып ақталады.