С.Хебештрейттің айтуынша, батыстық серіктестер Ресей Орталық банкінің халықаралық қаржылық операциялар арқылы рубль бағамын қолдау мүмкіндігін одан әрі шектеу туралы шешім қабылдады.
ERNUR.KZ. Батыс елдері ресейлік банктерді SWIFT-тен ажыратуға келісті. Мұндай шешімді Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, АҚШ, Франция, сондай-ақ Еурокомиссия қабылдады, деп жазады ҚазАқпарат.
Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, АҚШ, Франция және Еурокомиссия Ресейге қарсы жаңа қатаң қаржылық санкциялар енгізуге, соның ішінде кейбір банктерді ақпарат беру және төлемдерді жүзеге асыру үшін SWIFT банкаралық жүйесінен ажыратуға келісті. Бұл туралы сенбі күні журналистерге Германия үкіметінің ресми өкілі Штеффен Хебестрейт мәлімдеді.
«Халықаралық қауымдастық санкция салған барлық ресейлік банктер, қажет болған жағдайда басқа ресейлік банктер SWIFT жүйесінен ажыратылады», - деді ол.
Сонымен қатар, С.Хебештрейттің айтуынша, батыстық серіктестер Ресей Орталық банкінің халықаралық қаржылық операциялар арқылы рубль бағамын қолдау мүмкіндігін одан әрі шектеу туралы шешім қабылдады.
«Келісілген санкциялар сонымен қатар Ресейдегі және Украинадағы соғысты қолдайтын басқа елдердегі жеке тұлғалар мен ұйымдарға да бағытталған. Атап айтқанда, бұл ресейлік ауқаттылардың өздеріне және жақындарына алатын «алтын төлқұжатқа» және Еуропа азаматтығын алу мүмкіндігін шектейді», - деді С.Хебештрейт.
«Сонымен қатар, санкциялардың жылдам орындалуын қамтамасыз ету және санкцияларға ұшыраған жеке тұлғалардың, олардың отбасылары мен фирмаларының активтеріне тыйым салу үшін АҚШ пен ЕО өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобы құрылады», - деді ол.