​Бельгия билігі Дональд Трампты күтіп алуға уақыт таппады

0
1 013

АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО-ның Брюссельдегі саммитіне келді.


​Бельгия билігі Дональд Трампты күтіп алуға уақыт таппады

АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО-ның Брюссельдегі саммитіне келді. Алайда елдің жоғары билігі оны салтанатты түрде күтіп алмады, деп хабарлайды ERNUR.KZ 24.kz cайтына сілтеме жасап.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, ел билігі Петербургте өткен Бельгия мен Франция құрамаларының ойынын тамашалап, мәртебелі мейманды қарсы алуға уақыт таппаған. Сөйтіп Ақ үй басшысын елдегі сыртқы істер министрінің өкілі қарсы алды. Ал ресми деректер бойынша, дәл сол кезде Бельгияның премьер-министрі Шарль Мишель әлем чемпионатын Брен-ле-Конт қаласында жанкүйерлермен бірге фан-зонада тамашалаған. Ел патшасы Филипп пен ханшайым Матильда ұлттық құраманы қолдап, сонау Санкт-Петербургке кеткен. Оларға сыртқы істер министрі Дидье Рейндерс те еріп, ойынды стадионда VIP трибунада отырып тамашалады. Осылайша мақсат мүддеден жоғары шығып кетті.