Бішкекте ер адам Бас прокуратура ғимараты алдында өзін-өзі өртеп жіберді

0
221

Жігіттің жылжымайтын мүлікке қатысты дауы болған. "Әділетсіздікке ұшырадым" деп наразылығын осылай білдірген.


Бішкекте ер адам Бас прокуратура ғимараты алдында өзін-өзі өртеп жіберді

ERNUR.KZ. Белсенді Ырғалай Бекмұратова Бішкекте Бас прокуратура ғимаратының алдында белгісіз ер адам өзін өртегенін айтты, деп жазады Ulysmedia.kz.


“Әділетсіздіктен кедей жігіт өзін өртеп жіберді. Бізде әділеттілік қашан орнайды? Құқық қорғау органдары қайда қарап отыр? Ол тіпті Бас прокуратура ғимаратының жанында өзін өртеп жіберді”, - деді әлеуметтік желіде белсенді.

24.kg мәліметінше, жігіттің жылжымайтын мүлікке қатысты дауы болған. "Әділетсіздікке ұшырадым" деп наразылығын осылай білдірген.

“Көз алдымда болды. Ер адам Бас прокуратура ғимаратының жанында тұрды. Содан кейін ол бөтелке алып шығып, сұйықтықты үстіне құя бастады. Мен бұл шай деп ойладым. Содан кейін ол өзін өртеп жіберді”, - деді Бекмұратова.

Елорданың шұғыл медицина орталығы бас дәрігерінің орынбасары Егор Борисов оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы барғанын атап өтеді.

Кaktus.media басылымының жазуынша, ер адам жылжымайтын мүлікке қатысты келісім жөнінде құқық қорғау органдарына бірнеше рет жүгінген. Алайда өз мәселесін реттей алмаған. Сондықтан өз-өзін өртеуге барған.