Бішкекте Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жол құрылысын жүргізетін компания құрылды

0
193

Қырғызстан Премьер-Министрі Ақылбек Жапаров бұл жобаның елде жоғары бағаланып отырғанын айтып, оны «ғасыр құрылысы» деп атады.


Бішкекте Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жол құрылысын жүргізетін компания құрылды

Фото: Қырғызстан министрлер кабинетінің баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Бішкекте Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жол құрылыс компаниясының кеңсесі құрылды. Қырғызстан премьер-министрі Ақылбек Жапаров жобаны «ғасыр құрылысы» деп атады, деп жазады inform.kz.

Қырғызстан Премьер-Министрі Ақылбек Жапаров бұл жобаның елде жоғары бағаланып отырғанын айтып, оны «ғасыр құрылысы» деп атады. Оның айтуынша, бұл темір жол құрылысы Қытай мен Орталық Азия елдерінің экономикалық ынтымақтастығын сапалы жаңа деңгейге көтереді.

– Осы тарихи оқиғаға жету үшін үлкен әрі нәтижелі жұмыс атқарылды. Бірақ бұл жобаны толық жүзеге асыру жолындағы алғашқы қадам екенін және алдымызда үлкен міндеттер тұрғанын айта кеткен жөн. Бұл ретте қытайлық және өзбекстандық әріптестеріміздің бай тәжірибесіне сүйене отырып, біз бұл жұмыстарды сапалы әрі мерзімінде аяқтаймыз деп сеніммен айта аламыз, – деді ол.

Шілде айында Өзбекстан президенті Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жолының құрылысына жобалық компанияның жарғылық қорына 255 миллион доллар бөлу туралы тапсырма берген болатын. Оның 14 миллион доллары осы жылдың соңына дейін бөлінуі тиіс.

Жалпы бірлескен компаниядағы Қытайдың үлесі 51 пайызды, Өзбекстан мен Қырғызстанның үлесі 24,5 пайызды құрайды. Оның құрылтайшылары ретінде China Railway International Co., Ltd., Қырғызстанның «Қырғыз темір жолы» және Өзбекстанның «Өзбекстан темір жолы» қатысуда. Қырғызстан өз бюджетінен 11 миллиард сум (шамамен 130,5 миллион доллар) бөлуді жоспарлап отыр.

Өзбекстанның Көлік министрлігі өкілінің айтуынша, Қытай аумағындағы теміржол құрылысы толығымен Қытай тарапынан жүзеге асырылып, қаржыландырылады. Олар Қырғызстандағы процестерге де қатысады. Өзбекстанда жобаға қосылу үшін шамамен 10 шақырым жол салынуы керек. Жұмыстың негізгі бөлігі Қырғызстанда.