BMW табысының 86 пайызға құлдырағанын мәлімдеді

0
881

Автомобиль жеткізілімдері жылдан жылға 13%-ға қысқарып, автомобиль бөлімшесінің тоқсандық табысы салық салымдарын есептемегенде бірден 85,8%-ға төмендеген.


BMW табысының 86 пайызға құлдырағанын мәлімдеді
ERNUR.KZ. Концерн 2024 жылдың ІІІ-тоқсанында салық салымын есептемегенде табысының 85,8%-ға төмендеп кеткенін мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

Автомобиль концернінің қаржылық проблемалары жайлы өз қызметінің үшінші тоқсандағы есебінен белгілі болды. Ол BMW-ның ресми сайтында жарияланды.

Оған сәйкес, автомобиль жеткізілімдері жылдан жылға 13%-ға қысқарып, автомобиль бөлімшесінің тоқсандық табысы салық салымдарын есептемегенде бірден 85,8%-ға төмендеген.

Концерн басшылығы бұл проблемалардың туындау себебін былайша түсіндіреді:

  • Қытайдағы сұраныстың төмендеуі;
  • көлікті жаппай қайтару науқанына байланысты шығындар.

Осыған ұқсас мәселелерге байланысты Nissan-да жұмысшылар жаппай жұмыстан шығарылып, басшылық қызметтегілердің жалақысы қысқартылған болатын.