Боливияда қауіпті вирустан үшінші науқас көз жұмды

0
1 026

Қауіпті вирус елде маусым айының басында пайда болған.


Боливияда қауіпті вирустан үшінші науқас көз жұмды

ERNUR.KZ. Боливияда қауіпті вирустың таралуынан үшінші науқас көз жұмды, деп жазады «Хабар 24».

Дәрігерлер өлімге әкеп соғатын аренавирустың таралуын тоқтатуға тырысып жатыр. Бүгінге дейін жаңа дерттен үш адам көз жұмған. Төртінші науқас жан сақтау бөлімінде. Дәрігерлердің айтуынша, вирус ас қорыту, жүйке және қан айналу жүйелерінің жұмысына бірден әсер етеді екен. Бүгінде бұл сынамалар Атланттағы ауруды бақылау орталығына жіберілді.

Айта кетейік, қауіпті вирус елде маусым айының басында пайда болған еді. Ол кезде Ла-Пас елді мекенінде ер адам қаза тапқан болатын. Ізінше, сол науқасты қараған дәрігер көз жұмады. Одан екі әріптесі жұқтырып, оның біреуі де бақилық болды. Бұл вирусты тасымалдаушы кеміргіштер. Сондай-ақ қан және сұйықтық арқылы өзге адамдарға таралып отырады.