Тағы оннан аса жұмысшы жарақат алды.
ERNUR.KZ. Бразилияда астық сақтайтын қоймада жарылыс болып, 8 адам қаза тапты. Тағы оннан аса жұмысшы жарақат алды, деп жазады baq.
Оқиға Палотина қаласының шетінде ірі шаруашылықта болды. Куәгерлердің айтуынша, қоймадағы дүмпуден кейін төңірегіндегі тағы 2 ғимаратта да жарылыс тіркелген.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Мен қойманың сыртындағы аулада жүргем. Бір кезде қатты жарылыс естілді. Жалма-жан жүгіріп барсам қойма өртеніп, адамдар айғайлап жүргенін көрдім, - деді жұмысшы Ренильдо Перейра.