Дәрігер адамның өмір жасын ұзартудың оңай жолын атады

0
608

Тіпті онкологиямен ауыратын науқастарда да жаттығуға мән беру керек, дейді дәрігер.


Дәрігер адамның өмір жасын ұзартудың оңай жолын атады

ERNUR.KZ. Дәрігер және тележүргізуші Александр Мясников «Россия-1» телеарнасында өмірді ұзартудың ең тиімді әдісі туралы айтты, деп жазады baq.kz.

Маманның айтуынша, физикалық жаттығу кез келген жастағы адамға, тіпті онкологиямен ауыратын науқастарда да жаттығуға мән беру керек дейді.

Қатерлі ісікпен ауыратын науқастар төсек тартып жатады, тіптен қозғалмайды. Егер ол белгілі бір жаттығулар жасаса, сол кезде біршама ұзақ өмір сүретін болады, - деп түйіндеді дәрігер.

Мясников бұл үшін арнайы фитнес-клубтарға барып, абонемент сатып алудың қажеті жоқ дейді.

Лифттен бас тартыңыз. Бір жерге баруыңыз керек болса, жаяу жүріңіз. Күніне кем дегенде бес шақырым жүру керек. Көп отырмаңыз, көбірек тұруға тырысыңыз, - деп кеңес берді дәрігер.