Бұл жаңа заң аясындағы алғашқы жағдай болып отыр.
Фото: видеодан скриншот
ERNUR.KZ. Иракта жұртшылықты дүр сілкіндірген оқиға болды. Тоғыз жастағы қыз 35 жастағы ер адамға ресми түрде тұрмысқа шықты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Атап өткендей, әкесі қызын белгілі бір ақшаға сатып жіберген. Бұл ел парламенті жыныстық келісім мен неке жасын 18 жастан 9-ға дейін төмендеткен соң болып тұрған алғашқы жағдай.
The Daily Telegraph ұсынған ақпаратқа сәйкес, өткен жылы консервативті шиіт мұсылман партияларының коалициясы үстемдік ететін Ирак парламенті «жеке мәртебе туралы заңның» күшін жойған түзетуге дауыс берді.
Әйелдерге «әдепсіз байланыстарды болдырмауға» көмектесу үшін заңды неке жасын 9 жасқа дейін төмендетті. Сондай-ақ әйелдерді ажырасу, балаға қамқоршы болу және мұраға ие болу құқықтарынан айырды.