Депутаттың айтуынша, Атамбаевтың Бішкек ЖЭО-сын қалпына келтіру бойынша кредиттік келісімге қатысы барын тексеру керек.
"Онугуу-Прогресс" фракциясынан Жогорку Кенеш депутаты Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты қол сұқпаушылық құқығынан айыруды ұсынды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz K-News.
Депутаттың айтуынша, Атамбаевтың Бішкек ЖЭО-сын қалпына келтіру бойынша кредиттік келісімге қатысы барын тексеру керек.
"Қытай елге экспансия жасамақ, ал президент билікті меншіктеп алды. Алмазбек Атамбаевты қол сұқпаушылық құқығынан айырып, 386 миллион доллар кредитті ратификациялауға қатысы бар-жоғын тергеуді ұсынамын. Содан бері 7 үкімет басшысы ауысты, кімнен бастап жауап алуымыз керек?", - дейді ол.
24.kg порталының мәліметінше, мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті "Бішкек ЖЭО модернизациясы" жобасын жүзеге асыру кезіндегі ақша жымқыру ісін тергеп жатыр. Энергия саласының жеті топ менеджері ұсталды. Барлығына ресми айып тағылды.