​Димаш Қытайдағы Жаңа жыл мерекесіне орай өнер көрсетті

0
412

Жанкүйерлерін құттықтап, телебағдарламаларда өнер көрсетті


​Димаш Қытайдағы Жаңа жыл мерекесіне орай өнер көрсетті

Сурет: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Қазақстанның халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген Қытай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл қарсаңына арналған телебағдарламада өнер көрсетті.

CCTV-3 арнасы көрсеткен 2024 жылғы көктем фестивалінің гала-концертінде Димаш қазақ және қытай тілдерінде "Ұмытылмас күн" және Give me your love атты композицияларын орындады.

2024 Liaoning TV Spring Festival гала-концертінде Димаштың әйгілі пианист Ланг Лангтың сүйемелдеуімен Thousands of Miles, a Common Dream ("Мыңдаған шақырымға бір арман") әні шырқалды.

Музыканттар тайваньдық әнші Ричи Ренмен бірге Flowers Bloom in Spring ("Көктемде гүлдер бүршік атады") композициясын орындады.