​Дональд Трамп пен Ким Чен Ынның кездесуі фантазия ма?

0
1 262

Ким Чен Ын ядролық қарусыздандыру жайлы ауыз ашпады.


​Дональд Трамп пен Ким Чен Ынның кездесуі фантазия ма?

ERNUR.KZ.АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен өте жақсы қарым-қатынаста екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол кездесу аяқталған соң бірден айтты, - деп хабарлайды tengrinews.kz сайты РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Осыған дейін екі ел басшыларының Сингапурде кездесіп, алғаш рет қол алысқаны жайлы хабарланған болатын. Айта кетейік, саммит Сентос курорттық аралында орналасқан "Капелла" қонақүйінде өтіп жатыр.

Сондай-ақ, Трамп Солтүстік Корея басшысымен өткен кездесудің өте жақсы өткенін айтты. Солтүстік корея басшысы Ким Чен Ын Дональд Трампқа Сингапурдегі КХДР-АҚШ саммитінің адамдарға ғылыми фантастика болып көрінетінін айтады

"Әлемнің басым бөлігі бұл кездесуді фантазия деп ойлап қалуы мүмкін... ғылыми-фантастикалық фильм", - деді Ким Чен Ын Трамппен кеңейтілген отырыс барысында.


Мұнымен қоса, БАҚ мәліметінше, Ким Чен Ын журналистердің ядролық қарусыздандыру жайлы сұрағына жауап бермеді.