ERNUR.KZ.АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын бүгін, сейсенбі күні таңертең Сингапурде кездесті.
ERNUR.KZ.АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын бүгін, сейсенбі күні таңертең Сингапурде кездесті. Трамп пен Ким Чен Ын алғаш рет қол алысты, - деп хабарлайды tengrinews.kz сайты РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, бұл тарихтағы екі ел арасындағы алғашқы саммит. Саммит Сентос курорттық аралында орналасқан "Капелла" қонақүйінде өтіп жатыр. Ким Чен Ын қара түсті киіммен көліктен шықты. Ал Трамп оның артынша келген. Қызыл галстук, көк түсті костюм киген. Екі елдің көшбасшылары қонақүйге кіргенде бір-біріне күліп, камера алдында қол алысып, әңгімелесуге кетті.
"Бұл мен үшін құрмет. Біздің қарым-қатынасымыз өте жақсы болады, менің бұған еш күмәнім жоқ", - деді Трамп.
Сондай-ақ, ол келіссөздердің сәтті өтетініне сенім білдірді.
"Біз мұнда барлық қиындықты жеңіп келіп отырмыз. (...), - деді өз кезегінде Солтүстік Корея басшысы.Басылымның мәліметінше, екі ел басшылары денуклеаризация мәселесін, сондай-ақ, Америка - Солтүстік Корея қарым-қатынасын тұрақтандыру мәселелерін талқылауға ниетті.