Джек Ма енді Қытайдағы ең бай адам емес

0
769

Бұл туралы Forbes журналы жазды.


Джек Ма енді Қытайдағы ең бай адам емес

ERNUR.KZ. Аlibaba компаниясының негізін қалаушы, Қытайдың ең бай адамдарының тізімінде көш бастап тұрған Джек Ма атағынан айырылды, деп хабарлайды Хабар24.

Қытайдағы ең бай адам атағына енді Tencent компаниясының басшысы Ма Хуатэн ие болды.

Бұл туралы Forbes журналы хабарлады. Коронавирус пандемиясы кезінде онлайн ойындардың ең ірі дистрибьюторы Tencent-тің акциялары жыл басынан бері 14% өсті. Ал бірінші тоқсанда компанияның ойындардан түсетін табысы 31% артты.

COVID-19 кезіндегі шектеулерге байланысты мобильді ойындарға сұраныс артқан. Forbes басылымының мәліметінше, 14 мамырдағы жағдай бойынша Хуатэннің байлығы 48,3 млрд долларды құрайды.

Ал Джек Maның қазір шамамен 41,2 млрд доллар қазынасы бар.

Сонымен бірге басылым Tencent-тің кірісінің өсуі уақытша болуы мүмкін екенін және шектеулердің біртіндеп алынуына байланысты адамдардың онлайн ойындарға деген сұраныс азаятынын айтып өтті.