Эфиопияда 400 мыңға жуық адам су тасқынынан зардап шекті

0
681

Нигерияда бірнеше аптаға созылған су тасқыны 170-тен астам адамның өмірін қиды, 200 мыңнан астамы ішкі қоныс аударушыларға айналды.


Эфиопияда 400 мыңға жуық адам су тасқынынан зардап шекті

ERNUR.KZ. Эфиопияда ірі су тасқыны мен көшкін салдарынан 400 мыңға жуық эфиопиялық зардап шекті, деп жазады kaz.inform.kz.



Табиғи апаттардың алдын алу және азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі аймақтық комиссияның басшысы Тесфау Батабленің айтуынша, апаттан әсіресе Амхара аймағы көп зардап шекті.

Оның айтуынша, су тасқыны Амхараның табиғи апат қаупі бар 34 ауданына әсер етті. Көшкіндер қазірдің өзінде солтүстік Гондэр, Оңтүстік Гондэр және Ваг Хемра аудандарында тіркелген. Солтүстік-Батыс Тыграй аймағының Тселемти ауданындағы таулардың бірінің баурайында кең көлемді топырақ массасының жиналуы 10 адамның өмірін қиды, шамамен 3 мың адам үйлерінен кетуге мәжбүр болды.

Амхара аймағының билігі Тселемти ауданындағы мұқтаж жандарға 2 мың тонна гуманитарлық көмек бөлді. Эфиопия Ұлттық метеорологиялық агенттігінің мәліметі бойынша, елде нөсер жауын 10 қыркүйекке дейін жалғасады.

Батабле оның комиссиясы қауіп төніп тұрған 21 ауданда алдын-ала су қоймаларын салып жатқанын атап өтті. Ескерту шарасы ретінде билік тұрғындарды осы аудандардан кетуге шақырады.

Нигерияда бірнеше аптаға созылған су тасқыны 170-тен астам адамның өмірін қиды, 200 мыңнан астамы ішкі қоныс аударушыларға айналды.