Ерлі-зайыпты Африкаға демалуға барғаны белгілі болды
ERNUR.KZ. Эфиопиядағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан ресейлік Екатерина және Александр Поляковтар өлер алдында Instagram-дағы парақшасында видео жариялап, саяхаттан алған әсері жайлы жазба қалдырған, деп жазады sputniknews.kz.
"Бір жыл бұрын Азияға барып едік, енді Африкаға ұшып барамыз. Ал бұрын Мәскеуге сапарлаудың өзі ерлік болатын. Бұл шеңбер мен шекараны өзімізге өзіміз сызатынымызды тағы бір мәрте дәлелдеп отыр", - деп жазған Екатерина.
Еске сала кетсек, 10 наурызда Аддис-Абебадан Кенияға ұшып бара жатқан Boeing 737 ұшағы Эфиопияның Дэбрэ-Зэйт қаласына жақын маңда апатқа ұшырады. Борттағы 157 адамның барлығы қаза тапты, олардың арасында үш ресейлік болған. Екатерина және Александр Поляковтардан басқа парашют нұсқаушысы Сергей Вяликов көз жұмды.