Мұнара 13 наурыз күні жабылған еді.
ERNUR.KZ. Франция астанасының символы Эйфель мұнарасы бүгін туристер үшін қайта ашылды, деп хабарлайды Хабар24.
Коронавирус инфекциясына байланысты мұнара 13 наурыз күні жабылып қалған еді.
Алайда қауіпсіздік үшін белгілі бір шектеулер енгізілген. Басты талаптардың бірі – міндетті түрде медициналық маска тағып бару. Сонымен қатар қонақтардың арақашықтық сақтауы шарт. Онымен қоса мұнара әкімшілігі келушілер санына уақытша шектеу қояды.