Эквадордағы табиғи апат салдарынан 27 адам қаза болды

0
1 066

Сын-қатерлерді басқару жөніндегі ұлттық хатшылықтың соңғы мәліметі бойынша, 72 адам із-түзсіз жоғалып, 37 адам зардап шекті, 32 адам үйінді астынан шығарылды.


Эквадордағы табиғи апат салдарынан 27 адам қаза болды

ERNUR.KZ. Эквадордың орталық бөлігіндегі лай көшкін салдарынан қаза тапқандардың жалпы саны 27 адамға жетті, деп жазады Sputnik.kz.

"Алаусиде болған көшкіннен кейін 27 адам құрбан болғаны расталды. Эквадор прокуратурасы үйінділер арасынан жақында табылған тағы екі мәйітті шығарды. Олардың кім екені анықталғаннан кейін мәйіттер туыстарына тапсырылады", - деп хабарлады елдің Бас прокуратурасы.
Чимборасо провинциясындағы Алауси қаласында болған көшкіннің салдарынан кем дегенде 57 тұрғын үй қирап, тағы 163 нысан бүлінгені айтылды.
Апат орнында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, бірақ ұзаққа созылған жауын-шашын іздеу жұмыстарын қиындатып отыр. Жаңа көшкін жүру қаупі бар.
Сын-қатерлерді басқару хатшылығының мәліметі бойынша, көшкен лайдың көлемі 2 миллион текше метрді құрады. Мамандар кейбір үйлер жер астында 40 метрден астам тереңдікте жатқан болуы мүмкін екенін айтты.