Енді 16 жастан бастап дауыс беруге болады

1
668

Бельгия билігі Еуропалық парламент сайлауына қатысушылардың ең төменгі жасын 16-ға дейін төмендетті.


Енді 16 жастан бастап дауыс беруге болады

ERNUR.KZ. Бельгия тұрғындарына 16 жасынан бастап Еуропарламент сайлауында дауыс беруге рұқсат етілді, деп жазады inbusiness.kz.

Бельгия билігі Еуропалық парламент сайлауына қатысушылардың ең төменгі жасын 16-ға дейін төмендетті. Осылайша, ЕО-дағы Мальта, Германия және Австриядан кейін бұл бастаманы қолдаған төртінші ел деп танылды.

"Жас шегін төмендету арқылы біз нақты сигнал жібереміз. Біз сіздің дауыстарыңызды да, пікірлеріңізді де ескергіміз келеді", - дейді Ішкі істер министрі Аннелиз Верлинден.

Осылайша, 280 000-ға жуық жас бельгиялық келесі жылы Еуропалық деңгейде өз сөзін айтуға мүмкіндік алды. Бірақ сайлаушылар тізіміне автоматты түрде кіретін ересек азаматтардан айырмашылығы, дауыс бергісі келетін кәмелетке толмағандар алдын-ала тіркелуі керек.