Енді молдаларға қайырымдылық қорына түскен қаржыдан жалақы төленеді

0
116

Қырғызстанда жаңа заң күшіне енбек.


Енді молдаларға қайырымдылық қорына түскен қаржыдан жалақы төленеді

Фото: muftyat.kz

ERNUR.KZ. Қырғызстанда 2025 жылдың наурызынан бастап мешіттегі діни қызметкерлерге қайырымдылық қорына түскен қаржыдан жалақы төленеді, деп жазады inbusiness.kz.

Ел президенті елдегі дін мәселесіне көңіл бөлмек.

Бастапқыда жалақы 8 мың сом (48 мың теңге) болса, жыл соңына дейін 20 мың сом (120 мың теңге) болады деп жоспарланған.

Қайырымдылық қорына арнайы шот ашып, оған төлем жасау үшін мешіттерде арнайы QR-жәшіктері орнатылады. Бұл жәшіктерді орнатуды мемлекет өз мойнына алмақ.

"Молдалар басқа ағымдарға кеткендерді тәрбиелеп, дұрыс жолға бағыттайды. Ханафи масхабына қайтарады. Бөлінген барлық ағым тәртіпке келеді. Біз бір халықпыз, бірақ 15-20 ағымға бөліндік. Бұл қауіпті", – деді Жапаров.