Үйі жоқ әйел ер азаматтан бар жоғы 1 бразильдік реал (шамамен 90 теңге) сұрапты.
ERNUR.KZ. Бразилияның Нитероя қаласында орналасқан бейнебақылау камераларының бірі қайыршы әйелді жолда кетіп бара жатқан азаматтың атып тастағаны видеоға түсіріп қалған, деп жазады Stan.kz.
Бейнежазбада жолдағы екі адамның жанжалы айқын көрінеді. Бір кезде бақылау камерасына жете бергенде ер азамат қаңғыбас әйелді тапаншасын қалтасынан шығарып, атып тастайды. Ер азамат бұл қылығына еш саспастан өз жолынан қалмай, жүре жөнеледі.
Жергілікті билік күдіктінің есімі Адербаль Рамос де Кастро екендігін жеткізді. Куәгерлердің айтуынша, үйі жоқ әйел ер азаматтан бар жоғы 1 бразильдік реал (шамамен 90 теңге) сұрапты.
Ең өкініштісі, оқиғаның куәсіне айналған адамдар жолда кетіп бара жатқан көліктерді тоқтатып, жәрдем сұраған, алайда олар қайыршы әйелге көмек көрсетуден бас тартыпты. Жәбірленуші ауруханаға жеткен уақытта көз жұмды. Қазіргі таңда оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалыпты.