Есірткіні медициналық мақсатта қолдануға рұқсат берілді

0
1 365

21 жасқа толған адам марихуананы заңды түрде сатып алуға құқылы


Есірткіні медициналық мақсатта қолдануға рұқсат берілді

ERNUR.KZ. АҚШ-тың тағы үш штатында марихуананы рекреациялық мақсатта қолдануға рұқсат беретін заң жобасы қабылданды, деп жазады 24.kz.

Жуырда Мичиган, Миссури мен Юта штаттарының тұрғындары есірткіні медициналық мақсатта қолдануды заңдастыру керек дегенді алға тартқан. Мичиган штатында дауыс берген 2 млн адамның 56,7 пайызы жаңа заң жобасын қолдаса, 43,3 пайызы қарсылығын білдірді.

Ал Солтүстік Дакота штатының тұрғындары бұл жаңалықты құптамады.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тың 9 штатында және Колумбия аймағында ғана 21 жасқа толған адам марихуананы заңды түрде сатып алуға құқылы еді.

Ал 31 штатта есірткіні тек медициналық мақсатта қолдануға болатын.