Еуроодақта халық саны 2100 жылға қарай 27,3 миллионға азаяды

0
708

Еуростат есепбінше, 2100 жылға қарай халық саны 6%-ға немесе 27,3 млн адамға қысқарады.


Еуроодақта халық саны 2100 жылға қарай 27,3 миллионға азаяды

ERNUR.KZ. Еуропалық одақ үлкен демографиялық өзгерістердің алдында тұр, жаңа болжам бойынша, ғасыр соңына қарай ондағы халық саны айтарлықтай азаяды, деп жазады ҚазАқпарат.

Еуростат есепбінше, 2100 жылға қарай халық саны 6%-ға немесе 27,3 млн адамға қысқарады.

COVID-19 пандемиясынан туындаған екі жылдық құлдыраудан кейін ЕО халқының саны 2022 жылы қалпына келе бастады және ағымдағы жылдың басында 451 млн-ға жетті. Бұл өсім негізінен украиндық босқындардың жаппай ағынымен байланысты.

Болжам құрлықтағы туу, өлім және көші-қон деректері негізінде жасалды.

ЕО статистика басқармасының соңғы есебіне сәйкес, блоктағы халық саны 2026 жылы 453 млн-ға жетіп, 2100 жылға қарай 420 млн-ға дейін азаяды.

2100 жылға арналған демографиялық пирамида қоғамның азайып, қартаюын болжайды. Балалардың, 20 жасқа дейінгі жастардың және еңбекке қабілетті адамдардың үлесі кеміп, 65 және одан жоғары жастағы адамдардың үлесі артады.

2100 жылы 65 және одан жоғары жастағы адамдар саны 2022 жылғы 21 пайыздан 32 пайызды құрайтын болады.

Демографиялық пирамида қазіргіге қарағанда әлдеқайда кеңірек көрінеді: 20 жасқа дейінгілерге қарағанда 80 жастан асқан адамдар көп болады.

Бұл болжамдар осы жылдың басында газет тақырыптарында Қытайдағы халық санының алты онжылдықтағы алғашқы азаюы туралы жазылғаннан кейін жасалған.

2100 жылға қарай ЕО халқының болжамды төмендеуіне қарамастан, оған кейбір мүше елдерде халық санының көші-қон арқылы көбеюі күтілуде. Бұл - Бельгия, Чехия, Дания, Ирландия, Франция, Кипр, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Австрия, Швеция және Исландия.