1 шілдеден бастап кіруге рұқсат етілген 14 ел ішінде Қазақстан жоқ.
ERNUR.KZ. Еуроодақ COVID-19 инфекциясы жоғары деңгейде тарап жатқандықтан Қазақстанды қауіпті деп атады. Қазақстан жақын арада еуропалық шекарадан өте алатын елдер тізіміне енген жоқ, деп жазады stan.kz.
ЕО кеңестен кейін 1 шілдеден бастап кіруге рұқсат етілген 14 елді атады. Олар: Алжир, Австралия, Грузия, Канада, Марокко, Жаңа Зеландия, Руанда, Сербия, Таиланд, Тунис, Уругвай, Черногория, Оңтүстік Корея және Жапония.
Дипломаттар бұл шешім саясаттандырылмайтынына және ғылыми дәлелдер мен еуропалықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге деген ұмтылысына негізделген деп сендіреді. Сондай-ақ, ЕО «қауіпсіз» елдердің тізімі екі апта сайын қайта қаралатынына сендіреді.
Бұл тізімге кірудің негізгі критерийі - коронавирустық инфекция ЕО жағдайына ұқсас немесе одан жақсы болуы керек. «Қауіпсіз» елдердің азаматтарына проифлактикалық шараларды сақтау туралы талаптар қойылады.