Марк Цукерберг негізін қалаған Facebook компаниясы өзінің екі басты активі – Instagram әлеуметтік желісі мен WhatsApp мессенджерінің атын өзгертеді.
ERNUR.KZ. Facebook компаниясы Instagram әлеуметтік желісі мен WhatsApp мессенджеріне қосымша атау береді, деп жазады ca-news.org.
Бұл туралы Facebook компаниясының өкілі Берти Томсон хабарлаған.
«Біз Facebook-тің құрамдас платформаларының атауын нақтылап көрсеткіміз келеді», - деді компания өкілі Берти Томсон.
Компания өкілінің айтуы бойынша жаңа атаулар қосымшалармен қатар Сoogle Play и Apple қосымшасында да өзгеретін болады. Мобильді құрылғылардың экранында атау бұрынғы қалпында қала береді.
Facebook Instagram желісіне 2012 жылы, ал WhatsApp-қа 2014 жылы ие болған еді.