Сүйек қалдықтарын жерден қазып шығару үшін он күн қажет екен.
ERNUR.KZ. Алып динозаврдың сүйегін археологтар 22 шілдеде қазу жұмыстары кезінде Францияның батыс аймағынан тауып алды деп хабарлайды Stan.kz.
«Алғаш динозаврдың сүйегін он жыл бұрын тапқан рахеологтар тағы да ұзындығы 2 метр және салмағы 500 келі болатын екінші сүйекті тапты», – делінген сайтқа жарияланған департамент кеңесшілерінің сөзінде.
Табылған мықын сүйегінен бөлек, жамбас сүйектерінің үлкен фрагменттері де шықты. Бұл да сол динозаврға тиесілі. Палеонтологтардың айтуы бойынша, кесірткенің жасы 140 миллионда деп жобаланады.
BFM TV телеарнасының хабарлауынша, сүйек қалдықтарын жерден қазып шығару үшін он күн қажет екен.
2010 жылы бұл аймақтан осыған ұқсас жамбас сүйегі табылған.
Маусым айының аяғында динозаврларды жемтік қылған қолтырауынның сүйек қалдықтары Австралиядан табылғаны хабарланған болатын.