Бірнеше сағат бойы жалғасқан өрт салдарынан үлкен орган жойылған.
ERNUR.KZ. Нанттағы Қасиетті Петр және Павел шіркеуінде жұмыс істеген ерікті соборды өртегенін мойындады. Бұл туралы Ouest France газеті жазды, - деп жазады tengrinews.kz.
Өрт 18 сәуірде басталған. Бірнеше сағат бойы жалғасқан өрт салдарынан үлкен орган жойылған. Прокуратура өрт қасақана жасалды деп күдіктенген. Келесі күні руандалық 39 жастағы ерікті қамауға алынды, ол ғибадатханада көмектесіп, өрт шыққан күні есіктерді жабуы керек болған. Кейін оған айып тағылмай, бостандыққа шығарылған.
Кеше, 25 шілдеде, ер адам екінші рет ұсталған. Тергеу судьясы оған өртті қасақана жасады деген айып таққан.
Ал ерікті кінәсін мойындаған. Ол шіркеуді үш жерден өртегенін айтқан. Бірақ оның бұл әрекетке неге барғаны хабарланбады.
Енді ол он жылға бас бостандығынан айырылып, 150 мың еуро көлемінде айыппұл арқалауы мүмкін.