Франциядағы ең қуатты ядролық реактор іске қосылды

0
55

Бұл қуаттылығы 1600 МВт болатын елдегі ең қуатты реактор.


Франциядағы ең қуатты ядролық реактор іске қосылды
Фото: видеодан алынған кадр
ERNUR.KZ. Франциядағы «Flamanville 3» реакторы ұзаққа созылған құрылыс жұмыстарынан кейін сенбі күні іске қосылды, деп жазады inform.kz.

France 24 арнасының хабарлауынша, Нормандиядағы «Flamanville 3» реакторы сенбі күні таңғы сағат 11:48-де үйлерге электр қуатын бере бастады.

Бұл қуаттылығы 1600 МВт болатын елдегі ең қуатты реактор. Ол Франциядағы 2 млн-нан астам үйді электр қуатымен қамтамасыз етуі тиіс.
Жобаның құны шамамен 13,2 млрд еуроға (13,76 млрд доллар) дейін көтерілген техникалық ақаулардың кесірінен оны іске асыру мерзімі жоспардан 12 жылға созылып кетті. Жобаның бастапқы бағасы 3,3 млрд евроны құраған.
- Бұл ел үшін ұлы сәт. Төмен көміртекті энергия үшін қайта индустрияландыру - бұл француз стиліндегі экология, - деп X желісінде жазба қалдырған президент Эммануэль Макрон реакторды «әлемдегі ең қуаттылардың бірі» деп атады.