Газа секторындағы атысты тоқтату туралы келісім бүгін күшіне енеді

0
164

Бұл туралы Катар СІМ хабарлады.


Газа секторындағы атысты тоқтату туралы келісім бүгін күшіне енеді

ERNUR.KZ Бүгін Газа секторында жергілікті уақыт бойынша 8:30-да (Астана уақыты бойынша 11:30-да) атысты тоқтату туралы келісім күшіне енеді, деп жазады sputnik.kz.

Бұл туралы Катар СІМ ресми өкілі Маджид Әл-Ансари әлеуметтік желіде жазды.
"Келісім тараптары мен делдалдар арасындағы уағдаластыққа сәйкес Газа секторындағы атысты тоқтату туралы келісім жексенбі, 19 қаңтар күні Газа секторының уақыты бойынша таңғы сағат 8.30 - да басталады", - деп нақтылады ол.
Бұған дейін Катар билігі Катар, Мысыр және АҚШ делдалдары Газа секторында Израиль мен палестиналық Хамас қозғалысыарасындағы қақтығысты - 15 айға созылған соғыс қимылдарынан кейін атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізгенін хабарлады. Келісім 19 қаңтарда күшіне енеді.