Әуежай қызметкерлерінің бір күндік ереуілінен 200 мыңға жуық жолаушы зардап шеккен.
ERNUR.KZ. Германияның 11 әуежайында болған ереуілдерден кейін 1100 рейс ұшпай қалды. Кәсіподақ жолаушылар мен олардың жүгін бақылауға жауапты әуежай қызметкерлерінің жалақысын көтеруді талап етті, деп жазады stan.kz.
Неміс әуежайлары бірлестігінің хабарлауынша, әуежай қызметкерлерінің бір күндік ереуілінен 200 мыңға жуық жолаушы зардап шекті. Наразылық шаралары елдегі 11 әуе айлағы – Франкфурт, Гамбург, Берлин, Дюссельдорф, Кельн, Штутгарт, Бремен, Ганновер, Лейпциг, Дрезден және Эрфуртта өтіп жатыр. Мюнхен мен Нюрнберг әуежайында наразылық шарасы болмағанымен, бұл қалаларға баратын барлық рейс тоқтады.
Lufthansa әуе компаниясы бейсенбі ұшуы керек болған рейстердің бір бөлігін, атап айтқанда алысқа баратын рейстерді Франкфурт әуежайынан ұшыруды жоспарлап отырғанын хабарлады. Компания 8 ақпанға дейін билетті басқа күнге тегін айырбастап береді. Елшілік рейстеріне билет алған жолаушылар оны пойыз билетіне тегін ауыстыра алады.
Verdi кәсіподағы Авиациялық қауіпсіздік компаниялары федералды қауымдастығымен (BDLS) 25 мыңға жуық қызметкердің атынан келіссөз жүргізіп жатқанын айтты. Олар инфляцияны ескеріп, жалақыны сағатына 2,80 еуроға көтеруді, сондай-ақ сыйақы мен үстемеақы төлеуді талап етеді.
Жұмыс беруші айлықты 2024 жылы 4%, яғни сағатына 0,55-тен 0,82 еуроға дейін, ал 2025 жылы тағы 3% көтеруді ұсынды. Verdi бұл ұсыныстан бас тартып, инфляция жағдайында мұндай ұсыныс ойға қонымсыз екенін мәлімдеді.
Ұжымдық келіссөз 6-7 ақпанда қайта басталады.
Бұған дейін Берлин НАТО мен Ресей арасындағы соғысқа араласуға ниетті екенін жазған едік. Германия қорғаныс министрлігінің сценарийі бойынша ол 2025 жылдың жазында басталуы мүмкін.