Германияда супермаркет ішіне тараған газдан 40-тан астам адам уланды

0
241


Германияда супермаркет ішіне тараған газдан 40-тан астам адам уланды

ERNUR.KZ. Саксония федералды штатында орналасқан Вальдхайм қаласындағы супермаркетте белгісіз газдың шашылуы салдарынан 40-тан астам адам зардап шекті, деп жазады Ulysmedia.kz.

Bild газетінің хабарлауынша, 15 адам ауруханаға жеткізілген.

«Сенбі күні кешке Вальдхаймдағы Хауптштрасседегі Кауфланд дүкенінің азық-түлік бөлімінде белгісіз газды зат ауаға тарады», - деп хабарлады газет полиция өкілінің сөзіне сілтеме жасап.

Дүкендегі тұтынушылар жүрек айну мен тыныс алу жолдарының тарылғанын айтып, шағымданды. Дүкен қазір жабық.

Полиция орташа ауырлықтағы жарақат алды деген күдікпен тергеу жүргізіп жатыр. Сондай-ақ оқиғаның мән-жайы мен шашылған заттың түрін де анықтауға кіріскен.