Ғалымдар адамның ұзақ өмір сүруіне көмектесетін жемісті анықтады

0
1 511

Архатты 10 ай бойы тұтыну тышқандарда қартаю процесін баяулатқан.


Ғалымдар адамның ұзақ өмір сүруіне көмектесетін жемісті анықтады

ERNUR.KZ. Архат жемісі қартаюды бәсеңдетуге көмектеседі. Қытайлық ғалымдар осындай қорытындыға келді, деп жазады Stan.kz.

Қытай ғалымдарының жұмысы The American Journal of Chinese Medicine басылымына жарық көрді.

Архатты 10 ай бойы тұтыну тышқандарда қартаю процесін баяулатқан. Ғалымдар бұл жеміс қызыл сүйек кемігіндегі гемопоэтикалық бағаналы жасушалардың (HSCs) қызметін жақсартады, сонымен қатар регенерацияны дамытады деп түсіндірді. Сарапшылар тышқандарда жүргізілген эксперименттердің тұжырымдары адамдарға да сай келеді дейді.

Осы нәтижелерге сүйене отырып, зерттеу тобы архат жемісін жеу адамның бағаналы жасушалар қызметін жақсарту арқылы ұзақ өмір сүруге көмектеседі деген қорытындыға келді.