Ғалымдар қандай отбасының ақша жинауға бейім екенін анықтады

0
233

Баласы жоқ адамдарда материалдық байлық уақыт өте келе тұрақты түрде өскен.


Ғалымдар қандай отбасының ақша жинауға бейім екенін анықтады

Фото: pixabay.com

ERNUR.KZ. Германия мен Норвегиядан келген әлеуметтанушылар тобы үлкен зерттеу жүргізіп, адамдардың бай болуына отбасындағы өзгерістер қалай әсер ететінін анықтады, деп жазады stan.kz.

Ғалымдардың жұмысы 1953 жылы туған Норвегия тұрғындары туралы Ұлттық халықты есепке алу жүйесінен алынған мәліметтерге негізделген. Соңғы іріктеуге 48 мыңға жуық адам қатысты. Зерттеу авторлары олардың қаржылық әл-ауқатын Норвегияның салық тізіліміндегі мәліметтерге сүйене отырып, 1993 жылдан 2017 жылға дейінгі кіріс деңгейін, яғни 40 пен 64 жас аралығындағы кезеңді қарастырды.

Статистикалық талдау әдістері арқылы зерттеушілер байлықты ең көп жинағандар қатарында:

  • ата-анасынан кейінірек айырылғандар (орта есеппен 60 жаста);
  • егде жаста балалы болғандар (орта есеппен 28 жаста);
  • кейінірек ата-әже болғандар (орта есеппен 60 жаста) бар екенін анықтады.

Отбасында төрт ұрпақ мүшелері (баласы, ата-анасы, ата/әжесі, арғы атасы мен әжелері бар) бар адамдардың өмірінде байлықтың өсімі байқалған. Балалар мен немерелердің ерте пайда болуы ұзақ мерзімді перспективада байлық деңгейін төмендеткен жалғыз модель болып шықты.

Баласы жоқ адамдарда материалдық байлық уақыт өте келе тұрақты түрде өскен. Әсіресе ата-анасы кеш қайтыс болған жағдайда.

Зерттеушілер бүкіл бақылау кезеңіндегі ең жоғары және тұрақты әл-ауқат көрсеткішін үш ұрпақтан отбасы мүшелері бар адамдардан анықтады.