Ғалымдар қатерлі ісікке қарсы майлары бар балықтарды атады

0
247

Сонымен қатар рак клеткаларының құрамдас бөліктерін және ісік микроортасын таңдап алып, олардың жойылуына әсер етеді.


Ғалымдар қатерлі ісікке қарсы майлары бар балықтарды атады

Фото: Рixabay.com

ERNUR.KZ. Ғалымдар қатерлі ісікке қарсы майлары бар балық түрлерін атады, деп жазады stan.kz.

Франциядағы Тур университетінің ғалымдарының айтуынша, майлы балықтардан, яғни сардиналар, скумбрия, майшабақтар мен басқа да теңіз өнімдерінін табылған биоактивті молекулалар қатерлі ісік метастазының қаупін азайтады. Сонымен қатар рак клеткаларының құрамдас бөліктерін және ісік микроортасын таңдап алып, олардың жойылуына әсер етеді.

Зерттеушілердің пікірінше, теңіз өнімдері – ісікке қарсы қасиеттері бар және қатерлі ісік ауруын емдейтін бірегей липидтердің қайнар көзі. Бұл липидтерді тамаққа да, арнайы препараттарға қосса бірдей әсер береді.

“Мысалы, цитарабин – Кариб теңізі жөкесінің Cryptotethya crypta құрамында кездесетін қосылыстар негізіндегі лейкемияны емдеуге арналған химиотерапиялық препарат. Теңіз өнімдерінен алынған милфетозин липиді сүт безі қатерлі ісігінің терідегі метастаздарын емдеуде тиімді екендігін көрсетті. Сондай-ақ теңіз липидтері, omega-3 май қышқылдары рак клеткаларын жоюға көмектесуі мүмкін”, – деп жазды басылым.

Тур университетінің ғалымдары эндогендік липидтердің екі класын ашты – алкил және алкенил. Алкенил липидтері ісіктің өршуін азайтып, SK3 белсенділігін тежейді. Ал алкиллипидтер бұл арнаны белсенді етіп, метастазға ықпал етеді.

Алкенил липидтері ұлулардың ұлпаларында, сондай-ақ акулалар мен скат сияқты шеміршекті балықтардың бауыр майында кездеседі.