Ғалымдардың пайымдауынша, бұл Күн плазмасының үлкен массасының жарылуы салдарынан пайда болып отыр.
ERNUR.KZ. 22 қаңтарда ғалымдар сирек әрі таңғажайып құбылысқа куә болды. Күн дискісінің ортасында қара бұлт пайда болып, оның бір бөлігі ғарышқа атылып шықса, екінші бөлігі тәжге сіңіп кетті, деп жазады baq.kz.
Күнді зерттейтін лабороторияның астрономдары Күн жүйесінде болған ерекше құбылысты суреттеп берді.
Бүгін жұлдызда өте сирек әрі, тіпті, сәл қорқынышты құбылыс болды. Күннің дәл ортасынан қара түсті дақ шықты. Олардың жартысы ғарыш кеңістігіне тарап, кейбірі күннің ішіне оралды. Мұның не екенін біліп тұрсаң да, бұл көрініске қарап, қандай да бір тылсым сезімнен арыла алмайсың. Шынында да өте әдемі, - делінген зертхана хабарламасында.
Ғалымдардың пайымдауынша, бұл Күн плазмасының үлкен массасының жарылуы салдарынан пайда болып отыр.