Грузияда коронавирус жұқтырғандар саны өсіп жатыр

0
511

Грузияда пандемия басталғалы бері күнделікті ауру өсімінің ең жоғары көрсеткіші 1192 болған еді.


Грузияда коронавирус жұқтырғандар саны өсіп жатыр

ERNUR.KZ. Грузияда бір тәулікте COVID-19 жұқтырғандар саны рекорд көрсеткішке жетті, деп жазады Tengrinews.kz.

Елде бір тәулікте коронавирус жұқтырудың 1 194 дерегі тіркелген. Жалпы COVID-19 жұқтырғандар саны 19 857-ге жеткен.

Грузияда пандемия басталғалы бері күнделікті ауру өсімінің ең жоғары көрсеткіші 1192 болған еді.

Сондай-ақ, коронавирустан 15 адам қайтыс болған. Жалпы елде аурудан 158 адам көз жұмған.

Айта кетейік, Грузияда жаздың соңынан бері коронавирус тез тарап жатыр. Осыған дейін елде күн сайын коронавирус жұқтырудың 1-10 дерегі тіркелсе, бүгінде бұл көрсеткіш 100-ге жеткен. Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі Тбилиси мен Батумиде тіркелген.