Грузияда коронавирустың екінші толқыны басталды

0
524

Осы уақытқа дейін Грузияда вирус жұқтырғандар саны 1830 науқасты құрайды, 1334 адам жазылып шыққан.


Грузияда коронавирустың екінші толқыны басталды

ERNUR.KZ. Грузияда COVID-19 эпидемиясының екінші толқыны басталып жатыр, алайда дүрбелеңге салынуға негіз жоқ, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы елдің Премьер-министрі Георгий Гахария Үкімет отырысында айтты.

Біз болжағандай, коронавирустың екінші толқыны басталып жатыр. Оны күзде болады деп күткенбіз. Бастысы, дүрбелеңге салынуға себеп жоқ, өйткені жағдайды толықтай бақылауда ұстап отырмыз, - деді ол.

Георгий Гахарияның айтуынша, Грузия қауіпті індеттің алдын алу үшін дер кезінде жедел шараларды қолға ала білген.

Осы уақытқа дейін Грузияда вирус жұқтырғандар саны 1830 науқасты құрайды, 1334 адам жазылып шыққан. Оған қоса 5882 адам карантинде, 390 адам дәрігерлердің бақылауында. Қауіпті індеттен 19 адам қаза тапқан.