Ұсталғандар 17 жаста және 21 жаста.
Фото: Report
ERNUR.KZ. Тбилиси орталығында кешегі наразылық акциясы кезінде тағы 24 адам ұсталды. Бұл туралы Грузияның ішкі істер министрлігі хабарлады, деп жазады inform.kz.
Осылайша, ел астанасында төрт күн ішінде ұсақ бұзақылық пен полицияға бағынбағаны үшін әкімшілік қамауға алынғандар саны 224-ке жетті.
Қылмыстық істі тергеу аясында тағы екі адам ұсталған. Тергеу анықтағандай, 29 қарашада олардың бірі парламент ғимаратына тұтандырғыш зат лақтырып, үй-жайлардың бірінде өрт шыққан, екіншісі полицейді пиротехникалық заттармен жарақаттаған.
Ұсталғандар 17 жаста және 21 жаста. Соңғысы бұрын бірнеше рет сотталған. Олар 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Грузиялық БАҚ оппозициялық «Гирчи – көбірек бостандық» партиясының төрағасы Зураб Джапаридзенің ұсталғанын хабарлады.
Айта кетейік, бұған дейін Тбилисидегі шерудің үшінші күнінде 44 адам жарақат алғанын жазған едік.