Гвинея үкіметі оқиғаны жан-жақты тексеруге уәде берді.
Фото: Report
ERNUR.KZ. Гвинеяның оңтүстік-шығыс бөлігінде футбол матчындағы жаппай төбелес кезінде 56 адам қаза тапты. Бұл туралы Reuters агенттігі үкіметтің мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып хабарлады, деп жазады inform.kz.
Оқиға елдегі ең үлкен стадиондардың бірі саналатын Нзерекор қаласындағы стадионда Гвинея әскери қолбасшысы Мамади Думбуяға арналған турнирдің финалдық матчы кезінде болды.
– Төрешілердің даулы шешімі көрермендер арасында дүрбелең тудырып, төбелеске ұласты, – делінген ақпаратта.
Кейбір жанкүйерлер тас лақтыра бастады, бұл стадиондағы хаосты күшейтті, деп қосты билік өкілдері.
Гвинея үкіметі оқиғаны жан-жақты тексеруге уәде берді.
Айта кетейік, бұған дейін Гвинеядағы стадиондағы жаппай төбелесте ондаған адам қаза тапқанын жазған едік.