Илон Масктың талабынан кейін жүздеген Twitter қызметкері жұмыстан кетті

0
584

Маск өз қызметкерлерін компанияда қалу немесе үш айлық жұмыстан шығу жәрдемақысын алу туралы шешім қабылдауға шақырды.


Илон Масктың талабынан кейін жүздеген Twitter қызметкері жұмыстан кетті

ERNUR.KZ. Қазан айының соңында компания штатында 7,5 мыңға жуық адам болған, деп жазады zakon.kz.

Жаңа басшы миллиардер Илон Масктың ультиматумынан кейін Twitter-дің жүздеген қызметкері жұмыстан шықты, деп хабарлайды New York Times корпоративтік дереккөздерге сілтеме жасап.

Маск өз қызметкерлерін компанияда қалу немесе үш айлық жұмыстан шығу жәрдемақысын алу туралы шешім қабылдауға шақырды. Бұл ретте, қалған қызметкерлер «ұзақ уақыт және жоғары қарқындылықпен» жұмыс істейтін болады.

Басылымның мәліметінше, жергілікті уақыт бойынша сағат 17.00-де белгіленген мерзімнен кейін «жүздеген қызметкер» жұмыстан шығып, жәрдемақы алуға шешім қабылдаған.

Қазан айының соңында компания ұжымы 7,5 мыңға жуық адамды құрады.