Instagram желісін қолданушылар үшін жаңа тыйым пайда болды

0
2 590

Instagram желісі жасанды интеллект алгоритмін жаңалады.


Instagram желісін қолданушылар үшін жаңа тыйым пайда болды

ERNUR.KZ. Ендігі уақытта ересек азаматтар Instagram желісінде кәмелет жасына толмағандарға хат жаза алмайды, деп жазады Stan.kz.

Instagram әлеуметтік желісі ересектер мен кәмелет жасына толмаған қолданушыларға деген саясатын өзгертті. Ендігі уақытта ересектер жасөспірімдерге смс жаза алмайды.
Бірақ, ересек жасөспірімнің Instagram парақшасына тіркелген болса, онда жазуға тыйым салынбайды. Бұл шара балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, заңсыз әрекеттерден қорғау мақсатында қолға алынып отыр.

Сондай-ақ, кәмелет жасына толмағандарға өз жазылушыларынан бөгделерден Instagram профилін жабық түрде қолдануға кеңес береді. Ал егер жасөспірімнің өзі бастап ересек адамға жазғысы келсе, онда оған күмән туғызатын ескерту жасалады.

Одан бөлек, Instagram желісі жасанды интеллект алгоритмін де жаңалады. Жаңа алгоритм қолданушының жасын анықтауға көмектеседі. Бұл өз кезегінде профиль ашқан кезде дұрыс жас мөлшерін көрсетпеудің алдын алады.