Иран Израильге қарсы санкциялар енгізуге шақырды

0
824

Эр-Риядта араб-мұсылман елдерінің саммиті өтті.


Иран Израильге қарсы санкциялар енгізуге шақырды

ERNUR.KZ. Иран президенті Эбрахим Раиси ислам елдерін Израильге қарсы санкциялар салып, мұнай эмбаргосын енгізуге шақырды, деп жазады inbusiness.kz.

Ол Газа секторындағы жағдай бойынша араб-мұсылман елдерінің Эр-Риядта өткен кезектен тыс саммитінде осындай мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша, ислам әлемінің елдері Газа секторында қақтығыс жалғасса, палестиналықтарды Израильмен күресу үшін қарумен қамтамасыз етуі керек.

"Егер сионистік режимнің әскери қылмыстары жалғасса, Америка әкімшілігі бұл соғысты тоқтатпаса, ислам елдері Палестинаны қару-жарақпен қамтамасыз етіп көмектесуі керек", - деді ол.